140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Павлодардың үздік дәрігерлеріне марапаттар

03.10.2019

IMG-20190927-WA0029

Осы күндері Павлодар ЖИТС-тың алдын алу және  күресу  жөніндегі орталығы аталмыш қызметтің 30 жылдығын атап өту үстінде.

Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі  орталығының ұжымы ЖИТС-пен күресте сын-қатерлерді жеңу  міндетін отыз жыл бойы шешіп келеді. Өткен жылдар ішінде Павлодар ЖИТС қызметі АИТВ-жұқпасының алдын алу және емдеу тәжірибесін жинақтады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының өтініші бойынша Павлодар ЖИТС орталығының үздік мамандарының көпжылдық еңбегін марапаттармен атап өтті. Сонымен, ЖИТС ОО директорының орынбасары Бақыт Жанахметова «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, зертхана меңгерушісі Лариса Мирза «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Павлодар Ертіс өңірінің ЖИТС қызметінің 30-жылдығына орай ең үздік деген қызметкерлердің еңбектерін ҚДИАҒО Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен атап өтілді.

Роза Апаева






Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қазақстанда жақында data.egov.kz ашылған деректер порталы жұмыс істейді. Портал қазақстандықтарға уақытты үнемдеуге және үнемі жаңартылған ақпаратты алуға көмектеседі. Портал data.egov.kz – бұл мемлекеттік органдардың жалпы қол жетімді деректері машинамен оқылатын түрде орналастырылатын алаң, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жинағына толық қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Осыған байланысты, сіз ашық және қолжетімді нысанда көргіңіз келетін неғұрлым мүдделі деректер бойынша сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз.
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа