140002, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2

Патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделі бойынша тренерлер тренингі

05.02.2019

фото 1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адам ресурстары департаменті ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, ВОП және педиатрия мамандығы бойынша медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің ПОҚ қатарынан патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделін енгізу бойынша тренерлерді дайындау жұмысын жалғастыруда.

Осыған байланысты, Астана және Алматы қалаларында тренерлер тренингі өтті, оған Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры  Г. К. Ситказинова, сондай-ақ арнайы пәндер оқытушылары Г. Н. Садыкова және Қ.Т. Абилкасимова қатысты. Қаңтаардың 8 мен 12 аралығында «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ-ның базасында ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша 1-ші кезең, қаңтардың 23 мен  ақпанның 2 аралығында  Астана қаласының «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҰ-ғы МКК базасында 2-ші кезеңі өтті.

ЮНИСЕФ-тің ұлттық сарапшылары Б. И. Бабаева және Н. Г.Ким жүкті әйелдер мен кіші жастағы балалардың отбасыларына патронаждық қызмет көрсету жүйесінің тұрақты дамуына жағдай жасау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес медбикелерді оқыту мен қайта даярлаудың кәсіби құзыреттілігін, білім беру стандарттарын жаңартуға оқытушыларға көмек көрсетті.

Тренинг соңында колледж өкілдеріне сертификаттар берілді


фото 2






Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қазақстанда жақында data.egov.kz ашылған деректер порталы жұмыс істейді. Портал қазақстандықтарға уақытты үнемдеуге және үнемі жаңартылған ақпаратты алуға көмектеседі. Портал data.egov.kz – бұл мемлекеттік органдардың жалпы қол жетімді деректері машинамен оқылатын түрде орналастырылатын алаң, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жинағына толық қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Осыған байланысты, сіз ашық және қолжетімді нысанда көргіңіз келетін неғұрлым мүдделі деректер бойынша сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз.
  • umc-k umc-k
  • Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care Global Conference On Primary Health Care

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа