Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ән-ұраны

 Мемлекеттік рәміздер туралы

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

 Павлодар облысы наркологиялық диспансері   Сіздерді  өзінің ресми сайтында қарсы алады.

 Бүгін Павлодар облыстық наркологиялық диспансерінің қызмет құрамына кіреді:

- Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі;

- мәжбүрлеп емдеуге арналған стационарлық бөлімшелер (2) - 220 төсекке;

- медициналық-әлеуметтік оналту бөлімшесі - 40 төсекке;

- емханалық наркологиялық бөлімшелер - (2) - күніне 50-55 адам қабылдай алатын;

- кәмелетке толмағандарға арналған кабинетіменалдын алу бөлімшесі;

- күндізгі стационарлар (2) - 25 төсекке;

уақытша бейімделу және уытсыздандыру орталығы (3) -50 төсекке(Павлодар қ. -20, Ақсу қ. -10, Екібастұз қ. -10);

- сараптау бөлімшесі (медициналық куәландыру және стот-наркологиялық сараптама кабинеттері);

- ұйымдастыру әдістемелік бөлімі ( статистика кабинеті);

- диспансерде 306 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 53 дәрігер, олардың санаты 66,5%, 77,4% санатпен 98 орта медициналық қызметкер.

 

Владимир Николаевич Даневич - Павлодар облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері.

 

Гүлнәр Серікханқызы Смағұлова - бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары.

Жұнарбек Ниязбекұлы Бахтияров - Екібастұз наркологиялық бөлімшесі бас дәрігерінің м.а..

 

Наталья Сергеевна Скворцова - бас медбике.

 

Мәншүк Хамзақызы Жақсылықова - пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің меңгерушісі.

 

Валентина Васильевна Бала - ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі.

 

Жүнісов Мұратбек Сұлтанұлы - қауіпсіздік қызметінің бастығы.

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі туралы ақпарат

Мынадай жағдайларға байланысты Пациентті қолдау қызметіне тек қана емделушілер емес, олардың ықыласын танытатын туыстар және өзге тұлғалар (жеке және заңды) жолыға алады:

- қызықтыратын сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу қажеттілігімен;

-қызметшілердің әдепсіз қарауымен;

- емдеу және диагностикалық қызмет көрсету қанағаттанбаушылығымен;

-ақылы қызметтер талабының жөнсіз жағдайларымен және құнеріздік жағдайларымен;

- медицинпалық қызмет көрсету тәртібі мен сапасына қатысты өзге проблемалық сұрақтармен.

Өтінішті қарау мерзімдері:   

  1. Емделіп жатқан емделушілердің арыздары (шағымдары) өтініш берушіге жауап беруімен,  бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қаралады (Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің 58 бабы);  

    2. Қарау үшінөзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады..

 3. Қарау үшінөзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.  

4. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қару мерзімі ұзартылған кезден бастап үш күнтізбелік күн ішінде арыз өтініш берушіге хабарланады.  

Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңы негізінде мыналар қарауға жатпайды:   

  1)   мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралымәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзіретіне сәйкес оларға дереу жіберуліге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі  бүркемеленген өтініш;      

  2)мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.