контакт: 8-7182-53-08-32; 8-7182-20-99-10 priem_ord@mail.ru
адрес: г. Павлодар, Генерала Дүйсенов кош, 4
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Біздің ауруханамыздың сайтына қош келдіңіздер

 

Міндеті: Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті түсіне тұра, сапалы, қауіпсіз, перинаталдық көмек көрсету - біздің борышымыз.

Мақсаты: Қауіпсіз аналық, өмірдің сау басталуы, тек қана тірі емес, сонымен бірге сау баланың дүниеге келуі,  перинаталдық кезеңде басқарылатын тәуекел факторларын алдын ала көру және олардың қауіп-қатерін ең аз мөлшерге келтіру.

Ұйымның  құндылықтар жүйесі:

•         Пациент  - басты назарда 

•         Қауіпсіздік

•         Жауапкершілік

•         Алқаластық

•         Айқындық

            •         Кәсіпқорлық

 

ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК-ның

саясаты

         Біздер өз қызметімізді Қазақстан Республикасының Президентімен «2050 – Қазақстан Стратегиясында» айтылған басты бағытқа сәйкес жүзеге асырамыз – бұл медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы ана мен бала денсаулықтарын жақсарту.

         Біздің құндылықтарымыз – бұл біздің пациенттеріміз. Біздер біздің пациенттеріміз үшін жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге тырысамыз: серіктестік босану, ана мен балаға арналған ыңғайлы да қолайлы жағдайлар, қызметкерлердің тәулік бойы көмек көрсетуі.

         Біздер заманауи медициналық көмектің толық спектірін енгізілген бағдарламалар арқасында көрсетеміз: қауіпсіз аналық, тиімді перинаталдық күтім, хирургиялық қауіпсіздік, инфекциялық бақылау, жүктілік пен босануды біріктіріп жүргізу, кеуде сүтімен қоректендіруді қолдау.

         Өзіміздің кәсіби қызметімізде біздер қауіпсіз аналықты, медициналық қызметкерлерді қорғауда тұрамыз және қауіп-қатерлерді басқару жүйесін басшылыққа аламыз.

         Біздер әйелдерді үнемі жазбаша және ауызша ақпараттандыру жолымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүктілер арасында салауатты өмір салтының қағидаттарын енгізуді және әлеуметтік маңызды аурушаңдықтардың алдын алуды  жүзеге асырамыз, бұл арқылы жүктілікті жоспарлауға және сау ұрпақтың дүниеге келуіне көмектесеміз.

         Біз – ана мен балаға деген достық қарым-қатынастың құрметті белгісімен белгіленген медицина мекемесі болып саналамыз.

         Біздің Орталық акушерлік және гинекология кафедрасы үшін клиникалық негіз болып табылады, бұл жерде біздің саламымыздың болашақ кадр резервісі, жас мамандар оқуды өтеді.

         Алға қойылған мақсаттарға жету үшін біздерде барлық қажетті жағдайлар құрылған. Біздің перзентхана әуе ортасы қойған парамтерлерді қамтамасыз ету үшін техникалық жабдықтар кешенімен, функционалдық диагностика үшін заманауи жабдықтармен, оқу-клиникалық орталықпен жарақтандырылған.

         Біздің ұжымымыз жас, шамшыл және  үнемі жетілдіруге тырысады. Ұйым қызметінің кілтті стратегиялық бағыттары қызметкерлердің кәсіптілігін үздіксіз арттыру, медициналық қызметтің қауіпсіздігі мен жоғары сапасына мониторинг жүргізу болып табылады. Біздерде тәжірибиелі кәсіпкерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары, денсаулық сақтау ісінің үздіктері, кәсіптері бойынша республикалық сайыстардың лауреаттары жұмыс істейді.

         Біз біздің кәсіпорнымыздың сапа менеджмент жүйесін тұрақты жақсартуға ұмтыламыз және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қалыптасамыз.

         Біздің ұжымымыздың сапалы жұмысы – елдің сау болашағы!


 ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК (ОПО) Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі 4, Ломов көшесі 47/1 - мекенжайы боынша орналасқан.

Тел./ факс: +7 (7182) 34-38-01, 34-11-67 қабыладу бөлмесі,

Электронды адрес: priem_ord@mail.ru